14 сәуір 2020 10:13

"Бізге тиіспеңіздер!" - Лукашенко ресейлік БАҚ өкілдерін сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © БЕЛТА Фото: © БЕЛТА

Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі коронавируспен күрес шаралары туралы хабар таратқан ресейлік БАҚ өкілдерін сынады. Бұл туралы ол Минскіде 13 сәуірде өткен кеңес кезінде айтты, деп хабарлайды БЕЛТА.


Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі коронавируспен күрес шаралары туралы хабар таратқан ресейлік БАҚ өкілдерін сынады. Бұл туралы ол Минскіде 13 сәуірде өткен кеңес кезінде айтты, деп хабарлайды БЕЛТА.

"Осындай қисынсыз ақпарат тарады. Ал, атамыз адамдарын трактормен, арақпен, моншамен емдеп жатыр... Мен алдында әңгіме барысында қалжыңдаған болатынмын. Бірақ әзілдің де әзілі бар", - деді ол.

"Былай деп жүрген ресейліктерге "бізге тиіспеңіз!" дегім келеді. Біз олардан ештеңе сұрап отырған жоқпыз. Өзіміз қорғанып жатырмыз. Бізге келіңіз, көріңіз. Бірақ бізді Ресейде ақымақ қылудың қажеті қанша? Неге орыс адамға ана Батыста, біздің белорустер алаңғасар деп басын қатырасыз?", - деп сұрады Лукашенко.

"Міне, жақында Клейменов (Кирилл Клейменов - Ресейде "Бірінші" телеарна жүргізушісі) деген біреуді көрсетті. Ол бізде ауырғандарды және ақпаратты жасырып отыр деп хабарлады... Айтатын сөзді тапқан екен. Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шақырдық. Ал сіз еліңізге мамандарды шақыруға күшіңіз жете ме? Ресейліктерге, америкалықтарға...", - деді мемлекет басшысы.

"Иә, көп адам болып жүрмеу, жақын жүрмеу, құшақтаспау және т.б. кеңестер берілді. Бұл кеңестерді қабылдадық. Бірақ біз нені дұрыс орындамай жатырмыз және қай жерде өтірік айттық? Билік, Денсаулық сақтау министрлігі өтірік айтпағанын жария түрде айттық. Бізде бәрі ашық - келіңіздер, көріңіздер. Мұны өз адамдарымыз үшін жасап жатырмыз. Бірақ ресейліктер де бізге бөтен емес. Олармен де әңгімелесіп, ақылдасуға дайынбыз", - деді Лукашенко.

Президенттің айтуынша, Ресей шынымен Беларуске көмектескісі келсе, онда табиғи газдың бағасын әлемдік бағаның деңгейіне түсіруі керек.

"Көмектескіңіз келсе, табиғи газға әлемдік бағаны қойып беріңіздер. Көмектескіңіз келіп тұр ма, көмектесіңіз. Ақша да, басқа да сұрамаймыз. Қалтамызды қағудың қажеті қанша?", - деді ол.

"Бірақ бұл туралы Ресейде ешкім айтпайды. Бұл шындық ол жақта ешкімге керек емес. Кімге керегін үш нұсқа айтып, тауып көріңіз. Сондықтан тағы қайталап айтамын: Бізге тиіспеңіз! Мұның бәрі бітеді, сол кезде кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін көреміз", - деп қосты Лукашенко.

"Кімде-кім кәсіби деңгейде ақпарат естігісі келсе: Біз күн сайын ештеңені жасырмай эфирге шығып отырмыз. Дәрігерлер, мамандар, профессионалдар сөйлейді. Тіпті, пульмонолог дәрігерлер шығып жүр", - деді ол.

Сонымен қатар, Лукашенко елдегі коронавирус таралуы жағдайына тоқталды.

"Мен алғаш рет баршаға үндеу айтқым келіп тұр. Өйткені соңғы кезде маған коронавирус адамдардың үмітін сөндірді деген ақпарат келіп жатыр. Аураханаларда адамдар өз өмірі үшін күреспей жатыр", - деді ол.

Оның айтуынша, Беларусьте бірде-бір адам коронавирустан қайтыс болмаған.

"Олар өздерінің созылмалы ауруларының салдарынан қайтыс болды. ДДҰ мамандары мұны көрді. Бұл - жүрек-қантамырының аурулары, тыныс алу жолының нашарлауы, қант диабеті. Сосын мен атауын оқи алмайтын диагноздар бар және бұларға коронавирус қосылады", - деді Лукашенко.

Президент Беларусьте ешкім коронавирустан қайтыс болмайды деп уәде етті.

"Мен бұл туралы жария түрде айтамын. Біз адамдарды құтқару үшін дәрілерді таптық. Сондықтан біз әр адамның өмірі үшін күресеміз. Егер адам үмітін үзбесе, ол міндетті түрде, сауығады", - деді мемлекет басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети