17 қаңтар 2015 | 19:12

Charlie Hebdo журналының соңғы саны 7 миллион данаға жетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kommersant.ru ©Kommersant.ru

14 қаңтарда шыққан Charlie Hebdo сатира журналының жаңа саны 7 миллион данаға жетеді. Басылымның басшылығы сұраныстың болуына байланысты журналдың данасын тағы көбейтуді шешті, - деп хабарлайды Newsru.com


Иконка комментария блок соц сети

14 қаңтарда шыққан Charlie Hebdo сатира журналының жаңа саны 7 миллион данаға жетеді. Басылымның басшылығы сұраныстың болуына байланысты журналдың данасын тағы көбейтуді шешті, - деп хабарлайды Newsru.com

БАҚ-тардың мәліметінше, "Бізде Charlie Hebdo жоқ!" делінген көптеген хабарландыру қағаздары Париждің дүкендерінде ілулі тұр. Бірақ француздар мен шетелдік азаматтар журналдың соңғы санын келесі күні алу үшін кезекке жазылып кетеді. Мұнымен қатар, журнал басқа елдерде де сатыла бастады.

Айта кетейік, бастапқы кезде редакцияға шабуыл жасалғаннан кейін Charlie Hebdo қызметкерлері 1 миллион газет таратқысы келген. Бұдан кейін 3 миллионға жеткізу туралы айтыла бастады, бірақ көпшіліктің дүрлігуінен 5 миллион данасы да жетпей қалды. "Бұл француз баспасөзіндегі рекорд", - деп мәлімдеді тарихшы Патрик Эвено. Ол Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін газет данасының ең көбі 2 миллион данаға жеткенін, ал Шарль де Голльдің қайтыс болғанынан кейін France Soir 2,2 миллион данамен шыққанын еске салды. Ал 2001 жылы 11 қыркүйекте болған лаңкестікте Mond газеті 1,2 миллион дана басып шығарған.

Еске сала кетейік, лаңкестіктен кейін Charlie Hebdo журналының саны "тірі қалғандардың номері" деген атпен шықты, себебі оны шын мәнінде лаңкестіктен тірі қалғандар жазып шықты. 14 қаңтарда шыққан басылымда Мұхаммед пайғамбардың мұңды бейнесі салынды. Суретте ол қолында "Je suis Charlie" ("Мен Шарлимін") деген жазуы бар тақтайша ұстап тұр. Пайғамбардың жоғары жағында "Tout est pardonne" ("Бәрі кешірілді") деген сөз жазылған.

Еске сала кетейік, Франциядағы лаңкестіктер 17 адамның өмірін қиды. 7 қаңтар күні Парижде белгісіз біреулер Charlie Hebdo сатира журналының редакциясына оқ жаудырды, салдарынан 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды. 8 қаңтарда француз астанасының шетінде орналасқан Монружда ер адам автоматты қарумен полиция қызметкері мен жол қызметі агентін атып тастады. Әйел қаза тапты, ер адам ауыр жағдайда аурухағана жеткізілді. 7 қаңтарда шабуыл жасаған ер адам екі бірдей Калашников автоматымен Париждің Венсенкий қақпасы маңындағы супермаркетке басып кіріп, оқ атып, адамдарды кепілге алды. Арнайы қызметтер дүкенге шабуылдап, қылмыскер оқиға орнында өлтіріледі. Адамдарды кепілге алу кезінде 4 адам қаза тапты. Шабуылдаған ер адам 32 жастағы Амеди Кулибали болып шықты. Ол - ағайынды Куашилердің танысы. Charlie Hebdо редакициясына шабуылдаған ағайынды Саид пен Шериф Куашилер 9 қаңтарда Даммартен-ан-Гоэль қалашығында өлтірілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети