Charlie Hebdo шабуылдың алдында "Ислам мемлекеті" жетекшісіне карикатура жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Charlie Hebdo шабуылдың алдында "Ислам мемлекеті" жетекшісіне карикатура жасаған ©REUTERS

Парижде қарулы шабуыл жасалған Charlie Hebdo сатира басылымы өзінің Twitter-дегі шағын блогына соңғы рет "Ислам мемлекеті" тобы содырларының жетекшісі Әбу Бакра әл-Бағдадиге арналған карикатураны жариялаған, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде қарулы шабуыл жасалған Charlie Hebdo сатира басылымы өзінің Twitter-дегі шағын блогына соңғы рет "Ислам мемлекеті" тобы содырларының жетекшісі Әбу Бакра әл-Бағдадиге арналған карикатураны жариялаған, - деп хабарлайды РИА Новости

Карикатура қарулы шабуылдан шамамен бір сағат бұрын жарияланған. Онда исламистер жетекшісінің көпшілікке "денсаулық пен бар жақсылықты" тілегені бейнеленген. 

AFP агенттігінің хабарлауынша, Charlie Hebdo журналы редакциясына шабуылдаған қарулы ер адамдар "Аллаһу акбар, біз пайғамбар үшін кек алдық" деп айқайлаған. France TV Info сайтында жарияланған куәгерлердің видеосынан террористердің полициямен атысып болып, машинаға отырып, ғимаратты тастап бара жатқанын көруге болады. Видеоға қара киім киген екі ер адам түсіп қалған. 

Ал Еuronews қарулы шабуылға жуырда сатира апталығы жариялаған жазушы Мишель Уэльбектің болжамдары себеп болуы мүмкін деп хабарлады. Ол "2022 жылы Францияда исламист президент болуы мүмкін және ол кезде Парижде Пасха емес, Рамазан тойланады" деген. 

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні таңертең белгісіз біреулер Charlie Hebdo журналы редакциясының ғимаратына оқ жаудырды. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты, оның екеуі - полицей, қалғандары - басылым қызметкерлері. Арасында апталықтың бас редакторы да бар. Тағы біраз адам жарақат алды. Франция президенті Франсуа Олланд редакция жасалған шабуылды теракт деп атады. Парижде террористік қауіптің биік деңгейі жарияланып, төтенше жағдай режимі енгізілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети