15 қыркүйек 2015 | 19:29

Charlie Hebdo суға кеткен сириялық балаға жасалған карикатурасына түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lifenews.kz © Lifenews.kz

Француздың атышулы Charlie Hebdo апталығының редакциясындағылар суға кетіп қаза болған сириялық балаға жасалған карикатурасының мәнін түсіндірді, - деп хабарлайды LifeNews. Тілшілердің айтуынша, қоғам олардың шығармашылығының мәнін түсінуден қалған.


Француздың атышулы Charlie Hebdo апталығының редакциясындағылар суға кетіп қаза болған сириялық балаға жасалған карикатурасының мәнін түсіндірді, - деп хабарлайды LifeNews. Тілшілердің айтуынша, қоғам олардың шығармашылығының мәнін түсінуден қалған.

LifeNews басылымының сауалына редакцияның берген жауабында кішкентай Айланның суретінің "босқындардың бүгінгі апаттық жағдайының символы болғаны" айтылады. Тілшілер өздерінің жұмысының өзге де БАҚ-тардың адам саудасы, заңсыз көші-қон мәселесін көтеретіні сияқты тақырыптарды қаузайды деп есептейді. 

Француздар өздеріне тағылған айыпты әділетсіз деп есептейді, себебі, олардың ойынша, редакция дискриминацияға қарсы және адам құқығын қорғауға арналған. "Бұл карикатураның айтарын дұрыс оқып үйрену керек. Осы білместік біздің әріптестеріміз бен достарымызды өлтіреді. Charlie Hebdo әрқашан теңдікті қалап келді, заңсыз босқындардың жағында, әрқашан нәсілшілдікпен және дискриминациямен күресіп келді, әділетсіздік пен үкіметтің теріс пиғылына қарсы", - деп жауап берді Charlie Hebdo өкілдері.

Еске салайық, журналдың басты бетінде Түркияның теңіз жағалауында жатқан баланың суреті салынған және "Мақсатқа аз ғана қалғанда" деген жазу бар. Ал маңында McDonald's жарнамасы тұрады, онда былай деп жазылған: "Балаларға арналған екі мәзір біреуінің бағасымен". Екінші карикатураға былай деп атау қойылған: "Еуропаның христиандардыкі екенінің дәлелі". Суретте су үстімен кетіп бара жатқан Иса пайғамбар мен басы төңкеріле суда жүзіп бара жатқан бала бейнеленген. Сипаттамасында "Христиандар су үстімен жүреді, ал мұсылман балалар суға кетеді", - деп жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.39   527.68   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети