Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Charlie Hebdo тағы да даулы карикатура жариялады

15 Қыркүйек 2015, 09:37
0
© Lifenews.kz
© Lifenews.kz

Францияның даулы журналы Charlie Hebdo бұған дейін Түркияның теңіз жағалауында табылған сириялық баланың карикатурасын салды. Бұл суреттерге қоғамдық наразылықтар туып жатыр, - деп хабарлайды The Daily Mirror.

Басылым журналдың басты бетінде Түркияның теңіз жағалауында жатқан баланың суреті салынғанын және "Мақсатқа аз ғана қалғанда" деген жазу бар екенін жазады. Ал маңында McDonald's жарнамасы тұр екен, онда былай деп жазылған: "Балаларға арналған екі мәзір біреуінің бағасымен".

Екінші карикатураға былай деп атау қойылған: "Еуропаның христиандардыкі екенінің дәлелі". Суретте су үстімен кетіп бара жатқан Иса пайғамбар мен басы төңкеріле суда жүзіп бара жатқан бала бейнеленген. Сипаттамасында "Христиандар су үстімен жүреді, ал мұсылман балалар суға кетеді", - деп жазылған.

Айта кетейік, 2 қыркүйекте түрік тілшісі сириялық Алан Курдидің жағалауда жатқан жерінен суретке түсірген болатын. Баланың ата-анасымен жүзіп бара жатқан қайығы төңкеріліп кеткен. Салдарынан бала суға кетіп, толқынмен жағалауға шығып қалған еді. Суретке түрлі пікірлер жазылды.

Еске салайық, биыл 7 қаңтарда Парижде болған лаңкестіктер әлемді дүр сілкіндірді. Charlie Hebdo тілшілерінің атылуының басты себебі деп Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы аталды. Таңғы жиналыс кезінде он адам атылды, тағы екі тәртіп сақшысы көшеде өлтірілді. Парижде болған лаңкестіктен кейін күдіктілердің кім екені анықталып, құқық қорғау органдары олардың көзін жойды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай