09 қыркүйек 2020 10:03

Чехия премьері ДДҰ-дан коронавирусқа байланысты кеңес бермеуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына коронавирусқа байланысты кеңес бермеуін сұрады. Себебі ұйым маска тақпаңыздар деген кеңес берген және пандемия туралы бәрінен кеш білді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына коронавирусқа байланысты кеңес бермеуін сұрады. Себебі ұйым маска тақпаңыздар деген кеңес берген және пандемия туралы бәрінен кеш білді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін ДДҰ-ның чехиялық бөлімшесі соңғы уақытта елде коронавирус жұқтырғандар айтарлықтай көбейгеніне назар аударып, соған байланысты бірқатар кеңес берген.

"Бұл маска тақпаңыздар деп кеңес берген және пандемия басталғанын білмей қалған ДДҰ ғой. Ол үндемей-ақ қою керек деп есептеймін", - деп жазды Бабиш сейсенбі күні Twitter желісіндегі аккаунтында.

Чехияның денсаулық сақтау министрі Адам Войтех премьерді қолдады және ДДҰ-ның сыны орынсыз деп есептейді. Оның айтуынша, билік елдегі жағдайды бақылап отыр.

Чехияда соңғы тәулікте 563 адам COVID-19 жұқтырды. Өткен аптамен салыстырғанда ауырғандар азайды. Қазір 8424 адам ауырып, оның ішінде 214 науқас ауруханада жатыр және 54-інің жағдайы ауыр.

Пандемия басталғалы Чехияда 28 716 адам коронавирус жұқтырды, 19 855 науқас жазылды және 437 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети