1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Чехия президенті тағы да ауруханаға түсіп қалды 26 қараша 2021, 09:13

Чехия президенті Милош Земан коронавирус анықталғаннан кейін ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©REUTERS ©REUTERS

Чехия президенті Милош Земан коронавирус анықталғаннан кейін ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

77 жастағы Земан ауруханада созылмалы аурудан алты апта емделіп шыққаннан кейін бірнеше сағат өткен соң коронавирус сынағы оң нәтиже бергендіктен, Прага орталық әскери госпиталіне жеткізілді. Вирус Земанның Лана қаласындағы өзінің резиденциясында тапсырған талдауы нәтижесінде анықталды.

Земанның емдеуші дәрігері Мирослав Заборал мемлекет басшысы моноклоналды антидене терапиясынан өтетінін айтты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, президентте коронавирустың ешқандай белгілері жоқ. Ол коронавирусқа қарсы екпенің жақында үшінші дозасын алған болатын.

Жоғарыда айтылғандай, Земан ауруханаға түсіп қалғандықтан, 26 ​​қараша жұма күнге жоспарланған жаңа консерваторлар коалициясының жетекшісі Петр Фиалуды премьер-министр етіп тағайындай алмайтын болды. Президент COVID-19 бен емделіп жатқанда барлық іс-шаралар тоқтатылды, делінген кеңсе хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram