Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Чили астанасының метросында жарылыс болды

09 Қыркүйек 2014, 09:53
0

Чили астанасы Сантьягодағы метрополитен бекеттерінің бірінде жарылыс болды. Осының салдарынан сегіз адам жарақат алды, - деп хабарлайды AFP сайты жергілікті билікке сілтеме жасап. 

Жарылыс 8 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 14:15-те "Әскери мектеп" станциясының жедел тағам әзірлейтін мейрамханасында болған. Жарылыс құрылғысы күл-қоқыс тастайтын жәшікке салынған. Жарақат алған бір адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Қазіргі таңда жарылыс болған жерді полиция қоршауға алған, ал метро бекеті орналасқан ауданда көлік кептелісі орын алған. Оның үстіне метрополитен пойызы "Әскери мектеп" бекетінен тоқтамай өтіп кетуде.  

Чили билігі қазірдің өзінде бұл жарылысты теракт деп бағалап отыр. Чили үкіметінің өкілі Альваро Элисальденің мәлімдеуінше, жақын уақытта елде антитеррористік әрекетке қатысты заң шығарылуы мүмкін.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай