АҚШ-та коронавирусты 34 адам жұқтырды, - деп хабарлайды "Хабар 24".
АҚШ-та коронавирусты 34 адам жұқтырды, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұған дейін 26 науқас жайлы хабарланған еді. Олардың дені ауру ошағы Ухан мен Жапонияда карантинде тұрған Diamond Princess круиздік кемесінен эвакуацияланған америкалықтар. Тағы 11 науқастың бұған дейін шетелден оралғаны белгілі. Осылайша, Қытайдың құрлықтық бөлігінен тыс жерде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1500 адамға жуықтады.
Айта кетелік, 21 ақпанда Италияның солтүстігінде де коронавирус жұқтырғандар анықталған. Ломбардияда олардың саны 15-ке жетті және жақын уақытта тағы үшеуі ауруханаға түскен. Бүгін бір италиялық коронавирутан көз жұмды. Бұл Еуропадағы екінші оқиға. Бұған дейін Францияда қаңтардың ортасында Хубей провинциясынан келген 80 жастағы қытайлық турист қайтыс болған.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайдағы індет жұқтырғандар саны 76 мыңнан асты, 2236 адам көз жұмып, 18 мыңнан астамы емделді. Қытайдан тыс жерлерде 26 елде 1200 вирус жұқтырғандар тіркелді.