22 ақпан 2020 12:39

Италияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS© REUTERS©

Италияда коронавирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған алғашқы адам тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Италияда коронавирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған алғашқы адам тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, Венето облысында 78 жастағы ер адам көз жұмды. Онымен бірге 67 жастағы жұбайы да ауруханаға түсті. Соңғы уақытқа дейін олардан коронавирус табылмаған, алайда кейін Венето президенті Лука Дзайя сараптама нәтижесі вирусты анықтағанын хабарлаған. 

Бұл Еуропадағы екінші оқиға. Бұған дейін Францияда қаңтардың ортасында Хубей провинциясынан келген 80 жастағы қытайлық турист коронавирустан көз жұмған.

21 ақпанда Италияның солтүстігінде коронавирус жұқтырғандар анықталған. Ломбардияда олардың саны 15-ке жетті және жақын уақытта тағы үшеуі ауруханаға түскен. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайдағы індет жұқтырғандар саны 76 мыңнан асты, 2236 адам көз жұмып, 18 мыңнан астамы емделді. Қытайдан тыс жерлерде 26 елде 1200 вирус жұқтырғандар тіркелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети