12 тамыз 2020 17:13

COVID-19: Арменияда карантин бесінші рет ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Арменияда 16 наурыздан енгізілген төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Reuters.


Арменияда 16 наурыздан енгізілген төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Reuters.

Дереккөз мәліметінше, елдің премьер-министрі Никол Пашинян Үкімет отырысында Арменияның COVID-19 дағдарысын жеңуге мүмкіндігі бар екенін, бірақ халық масқа тағып, барлық қауіпсіздік шарасын әлі де ұстануы керегін айтты.

"Соңғы түзетулерге сәйкес, шетелдіктердің Арменияға кіруіне тыйым салуды алып тастау жоспарланған, бірақ келгендердің барлығы 14 күн ішінде оқшаулануы керек. Сонымен қатар, отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі, бірақ қатысушылар саны 40 адамнан аспауы керек. Мектептерде оқу жылы 15 қыркүйектен басталады. Жоғары оқу орындарының жұмысын қайта бастау туралы шешім кейінірек қабылданады", - деп жазады дереккөз.

Агенттіктің мәліметінше, төтенше жағдайға қарамастан Армения экономикасының барлық дерлік секторлы мамыр айында экономикалық қызметті қалпына келтіргеннен кейін жұмыс істейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети