29 қыркүйек 2021 17:39

COVID-19-дан ең көп зардап шеккен туристік аймақтар анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Shutterstock Иллюстрациялық фото ©Shutterstock

Сараптама нәтижесінде туристерге зәру елдердің тізімі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Travel Daily News сайтына сілтеме жасап.


Сараптама нәтижесінде туристерге зәру елдердің тізімі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Travel Daily News сайтына сілтеме жасап.

Таиланд ЖІӨ-нің 21 пайызын жоғалтып, қаржылық жағынан көп зардап шекті. Мамандардың айтуынша, ковидке дейін ай сайын орта есеппен үш миллионға жуық турист келген. Қазір Таиландқа айына 500 мыңға жуық турист келеді. Қаржылық жағынан 83,15 пайызға төмендеп, кірістің 13,54 миллиардын жоғалтты.

Таиланд елеулі шығынға ұшыраған жалғыз ел емес. Туристер саны азаюы бойынша Макао бірінші орында тұр. Макаодағы туристер саны айына үш миллионға азайды. Ал Пуэрто-Рикода коронавирус пандемиясына байланысты 198 мың адам жұмысынан айырылды.

Туристерді қажет ететін 10 бағыт төменде көрсетілген:

1. Макао айына 3 283 848 туристен 491 419-ға дейін - 85,04 пайыз;
2. Кипр айына 331 398 туристен 52 634-ке дейін - 84,12 пайыз;
3. Малайзия айына 2.175.065 туристен 361.060 дейін - 83.40 пайыз;
4. Тайланд айына 3 313 895 туристен 558 41-ке дейін - 83,15 пайыз;
5. Филиппин айына 688,409 туристен 123,545-ке дейін - 82,05 пайыз;
6. Маврикий айына 115 291 туристен 25 748-ге дейін - 77,67 пайыз;
7. Португалия айына 4 087 653 туристен 1 033 647-ге дейін - 74,71 пайыз;
8. Жаңа Зеландия айына 324 039 туристен 83 029-ға дейін - 74,38 пайыз;
9. Шри-Ланка айына 159 475 туристен 42 309-ға дейін - 73,47 пайыз;
10. Грекия айына 1 791 359 туристен 492 477-ге дейін - 72,51 пайыз.

Әуе билеттерін сату мамандары аталған елдердің бос жағажайларын көрсететін және көмекке шақыратын бейнеролик жариялады.

Сарапшылар осы туристік бағыттардың экономикасын қолдауға кеңес береді: жергілікті тұрғындар арасында гидтер жалдау, Duty Free-дің орнына көше сатушыларынан кәдесыйлар сатып алу, жергілікті мейрамханалардан тамақтану және сізге ұнайтын жерлер туралы оң пікірлер қалдыру.

"Пандемия кезінде біз көптеген елдің экономикасы туристік индустрияға қалай тәуелді екенін көрдік. Сондықтан барлық шектеулер алынып, туристер қайтадан осы елдерге ұшып бара алатын кезде қолдау көрсетудің маңызы зор", - деді Next Vacay бас директоры Навин Диттакави.
Қазақстандықтар Таиландқа ПТР тексерусіз және карантинсіз келе алатыны айтылды. ҚР Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Тайландтың, сондай-ақ, Венгрия, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Молдова және Түркияның уәкілетті мемлекеттік органдарымен екпе паспорттарын өзара қабылдауға қол жеткізгенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети