01 маусым 2021 14:34

COVID-19 құрбандарының саны бойынша көшбасшы ел аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Перуде коронавирустан қайтыс болғандар саны екі еседен аса көбейген, - деп хабарлайды Reuters.


Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Перуде коронавирустан қайтыс болғандар саны екі еседен аса көбейген, - деп хабарлайды Reuters.

Мұндай ақпарат республика үкіметі елдегі коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім деректерін қайта қарағаннан кейін алынған. Осылайша Перу әлемде жан басына шаққандағы өлім-жітім деңгейі ең жоғары ел болды.

Деректерді қайта қарағанда қайтыс болғандардың ресми саны 180 мыңнан асқан. Бұрынғы мәлімет бойынша, Перуде пандемия басталғаннан бері COVID-19 жұқтырған науқастар арасында 69 342 өлім жағдайы тіркелген.

"Бұл ақпаратты жариялау міндетіміз деп санаймыз. Енді біз қайтыс болған науқастарды жаңа, дәлірек әдіспен есептейміз", - деді премьер-министр Виолета Бермудес.

Салыстыру үшін: көрші Колумбияда 88 282 өлім тіркелсе, Боливияда - 14 мыңнан аса, ал Бразилияда 460 мыңнан аса адам коронавирус құрбаны болған.

Перу Латын Америкасындағы COVID-19-дан ең көп зардап шеккен елдердің бірі, нәтижесінде өлім жағдай көбейген және елде оттегі баллондары жетіспейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети