1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

COVID-19: Словакияда ТЖ режимі енгізілді30 қыркүйек 2020, 16:50

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Бүгін Словакия үкіметі 1 қазаннан бастап республикада төтенше жағдай  режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы журналистерге премьер-министр Игорь Матович айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Коронавируспен күресті күшейту мақсатында Үкімет менің ұсынысым бойынша 1 қазаннан бастап ТЖ режимін енгізу туралы шешім қабылдады, бұл режим көктемдегімен салыстырғанда Денсаулық сақтау саласына ғана емес, біздің қоғамдық өміріміздің басқа да салаларына әсер етеді", - деді Матович.

Бұған дейін төтенше жағдай режимі Словакияда 16 наурыздан 16 маусымға дейін болған еді.

Басылымның мәліметінше, соңғы тәулікте Словакияда коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді - 567 адам, ауруханаларда 75-78 жастағы үш науқас қайтыс болған.

Пандемия кезеңінде Словакияда барлығы 10 141 адам коронавирус жұқтырып, 4395 адам жазылып, 48 адам көз жұмған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда күн суытады