1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

COVID-19: Украина шекарасын жауып, карантинді қарашаға дейін ұзартты27 тамыз 2020, 09:11

© REUTERS © REUTERS

Украинада министрлер кабинеті карантинді 2020 жылдың 31 қазанына дейін ұзартып, қыркүйектің соңына дейін шетелдік азаматтарға шекараны жабу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды "Украинская правда".

Дереккөз мәліметінше, мұндай шешімді жергілікті денсаулық сақтау министрлігі шығарған.

"Соңғы апталарда науқастардың көбеюі бізді осылай әрекет етуге мәжбүрлейді. Ауру көрсеткішін ескере отырып, біз отандастарымызды қорғап, шетелдік серіктестеріміз алдында жауапкершілік танытуымыз керек", - деді елдің премьер-министрі Денис Шмыгаль 26 тамызда өткен Үкімет отырысында.

Украинаның денсаулық сақтау министрі Максим Степанов елде концерт өткізуге тыйым салынғанын ескертеді.

Басылымның мәліметінше, бұл құжат бүгін, 27 тамызда жарияланады. Украина министрлері бұл шешімге бірауыздан дауыс берген.

26 тамыздағы таңғы жағдай бойынша Украинада коронавирус жұқтырған тағы 1 670 адам тіркелді. Осылайша елде науқастардың саны 110 085-ке жеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!