ДАИШ жақтаушысы Шешенстанның полиция бекетіне шабуыл жасады

02 Шілде, 10:08
0
ДАИШ жақтаушысы Шешенстанның полиция бекетіне шабуыл жасады - © РИА Новости/Саид Царнаев
© РИА Новости/Саид Царнаев

Бәзбіреу Шешенстанның полиция бекетіне шабуыл жасаған. Ол гранатаны бекеттің бастырмасына лақтырып, кейін оны қуған полицейді пышақпен жарақаттаған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға Ачхой-Мартанов бақылау-бөгеуіл бекетінде болған. Бекет Бамут ауданына жақын маңда орналасқан. Шешенстанның қарулы күштері қызметкерлері оның көзін жойған. Полиция қызметкері алған жарақатынан емханаға бара жатқан жолда қаза тапқан. Полиция бекетіне жасалған шабуылды ДАИШ террористік ұйымы өз мойнына алды (Қазақстанда тыйым салынған). Бұл туралы SITE Intelligence Group мәлімдеді. Бұл портал лаңкестердің ғаламтордағы әрекеттерін бақылап отырады. Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров қаза тапқан полицейдің туыстарына көңіл айтты.

"Мен ерлікпен қаза тапқан полицейдің жанұясына, туыстарына және оның жақындарына көңіл айтамын", - деді Қадыров Telegram-арнасында.

Ол лаңкестердің аяусыз, дөрекі және аяқастынан шабуылдайтынын айтты, сондықтан да олармен тәрбие жұмыстарын жүргізудің қажеті жоқ дейді. Шешенстанның басшысы лаңкестік жолды таңдағандарға ескерту жасап, оларға қолданылатын қарсы шаралар Ресейдің заңы шеңберінде аяусыз болатынын мәлімдеді.

"Лаңкестер әлеуметтік желі арқылы жастарды алдап адамгершілікке жатпайтын қылықтарға итермелейді", - деді Қадыров. Оның сөзінше, кез келген мемлекет қауіпсіз өмір сүргісі келсе лаңкестердің көзін жоюы керек.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай