1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

ДАИШ жаңа лидерінің суретін жариялады 17 шілде 2017, 09:08

Al Arabiya телеарнасы ДАИШ террористік ұйымының жаңа басшысы делінген ер адамның суретін жариялады, - деп хабарлайды "Звезда".
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Al Arabiya телеарнасы ДАИШ террористік ұйымының жаңа басшысы делінген ер адамның суретін жариялады, - деп хабарлайды "Звезда".

Таяу Шығыс БАҚ-тарының мәліметінше, Жалалудин әл-Туниси бұрынғы лидері Әбу Бакр әл-Бағдадидің өлімінен кейін ұйымға жаңа басшы болып келеді. 

Жаңа басшы делінген ер адамның шын аты - Мухаммед Бен Сәлем әл-Ауни, ол Тунисте 1982 жылы дүниеге келген. Бала кезінде Францияға көшіп, сол жақтың азаматтығын алған, алайда Тунистегі көтерілістен кейін отанына оралып, сол жақтан Сирияға өткен. Осы жақта лаңкестердің қатарына еніп, әл-Бағдадидің басты көмекшісі болған.


Жалалудин әль-Туниси. © alarabiya.net

Осыған дейін Ирак әскері ДАИШ содырларының Мосулдағы әл-Нури деген басты мешітті және оның маңында орналасқан әл-Хабда ғибадатханасын жарып жібергенін хабарлаған еді. Дәл осы жерде Әбу Бакр әл-Багдади 2014 жылы ДАИШ "халифатын" жариялаған еді. Мешіт пен ғибадатхана радикалдардың символына айналған болатын. "ИМ-ның (ДАИШ) ан-Нури мешітін және әл-Хабда ғибадатханасын жарып жіберуі - олардың жеңілісті ресми мойындауы", - деп келтіреді Ирак премьерінің сөзін баспасөз қызметі.


Әбу Бакр әл-Бағдади © Reuters

 



Join Telegram