03 қазан 2017 09:20

ДАИШ Лас-Вегастағы қанды қырғынға байланысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) Лас-Вегаста 1 қазанда кешкі уақытта болған қанды қырғынға байланысты толығырақ мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru топтың бақылауындағы "Амак" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


ДАИШ террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) Лас-Вегаста 1 қазанда кешкі уақытта болған қанды қырғынға байланысты толығырақ мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru топтың бақылауындағы "Амак" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Содырлар Стивен Пэддоктың (жауынгерлік лақап аты - Әбу Әбд әл-Барр делінеді) "Халифат сарбазы" екенін хабарлап отыр. Ол Әбу Бакр әл-Бағдадидің "кресшілер" коалициясының азаматтарына шабуыл жасау туралы шақыруына осылай әрекет етті. Шабуыл барысында, лаңкестердің айтуынша, 600-дей адам өлген және зардап шеккен", - делінген хабарламада. Бұл хабарламаны Таяу Шығыста лаңкестердің әрекетіне бақылау жасаумен айналысатын Directorate 4 Telegram-арнасында жарияланды. 

Сонымен қатар, "Амак" Пэддоктың шабуылға бірнеше ай қалғанда ислам дінін қабылдағанын хабарлап отыр. Мұның алдында ақпарат агенттігі терактінің ДАИШ-пен соғысып жатқан елдерде топтың шабуыл жасау туралы шақыруына жауап болған дейді.  

Алайда АҚШ ФТБ өкілдері атқыш пен ДАИШ-тың арасында байланыс таппай отыр. "Біз ешқандай да террористік және экстремистік топтармен байланыс таппадық. Тергеу жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді ведомство өкілі дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихатында. ОББ өкілдері де ДАИШ-тың мәлімдемесінен хабардар екенін айтып, асығыс шешім қабылдамауды сұрап отыр.

Ал батыс БАҚ-тары АҚШ тарихында өлген адам саны ең көп қанды қырғынды жасады деген атқыштың өмірбаянынан жаңа деректерді тауыпты. Washington Post газеті жұртқа оқ атқан Стивен Пэддок банк тонаушысының баласы болған деп жазып жатыр.

Басылымның мәліметінше, Бенджамин Хоскинс Пэддок 1969 жылы ФТБ-ның іздеуінде болған адамдардың тізімінде бар болып шыққан. Әкесі 20 жыл түрмеде отырғаннан кейін қашып шыққан. Ведмоство Пэддоктың әкесін суицидке бейімі бар "диагноздалған есалаң" деп сипаттаған.


© FBI


© FBI

Стивеннің бауыры Эрик Пэддок CNN телеарнасына берген сұхбатында әкесінің 1969-78 жылдары іздеуде болғанын айтты. Қазіргі таңда ол тірі емес. Ол бауырының әскерде қызмет етпегенін, құмар ойындарды жақсы көргенін және рұқсат етілген қаруы болғанын айтып отыр.

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты. 

Қырғын жасағаннан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған, ал полиейлер нөмір ішінде сегіз дана қару тапқан. KNTV телеарнасы атқыштың қаруды екі платформаған орнатқанын анықтапты. Сонымен қатар, ол полицейлердің қалай келіп жатқанын камера арқылы көріп отырған. 

Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын рекорд жаңартқан еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өліп, 53-і жарақат алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети