15 ақпан 2016 10:11

ДАИШ содырлары АҚШ-та теракт ұйымдастыруы мүмкін - ОББ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ntv.ru © Ntv.ru

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры (ОББ) Джон Бреннан ДАИШ террорлық ұйымының содырлары Құрама Штаттарда лаңкестік әрекеттер жасауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды CBS.


АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры (ОББ) Джон Бреннан ДАИШ террорлық ұйымының содырлары Құрама Штаттарда лаңкестік әрекеттер жасауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды CBS.

"Менің ойымша, олар осы мақсатта АҚШ-қа өз адамдарын жібереді", - деді ОББ директоры. Джон Бреннан лаңкестердің АҚШ-та тұратын өз адамдарының көмегіне жүгінуі мүмкін екенін де айтты.

"Олар мақсаттарына жетеді деп ойламаймын, - деді Бреннан. - Терроршылар Батыс пен мұсылмандар арасындағы жанжалды ұлғайтуға тырысады". Бреннанның ойынша, олар осы әрекеттері арқылы ДАИШ содырларын көбейтуді көздеп отыр. ОББ директоры ДАИШ-тың химиялық қару қолданғанын және оны қайтадан жасауға мүмкіндіктері бар екенін де жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети