10 шілде 2016 11:54

ДАИШ содырлары ресейлік Ми-25 тікұшағын атып түсірді: Екі пилот қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Aljazeera.com © Aljazeera.com

ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) содырлары екі пилоты бар ресейлік Ми-25 тікұшағын атып түсірді. Екеуі де қаза тапты. Оқиға 8 шілдеде Пальмира маңындағы Хомс елді мекенінде болды, - деп хабарлайды "Россия-24" телеарнасы Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) содырлары екі пилоты бар ресейлік Ми-25 тікұшағын атып түсірді. Екеуі де қаза тапты. Оқиға 8 шілдеде Пальмира маңындағы Хомс елді мекенінде болды, - деп хабарлайды "Россия-24" телеарнасы Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Әскери ұшқыш-инструктор - полковник Ряфагать Хабибулин мен ұшқыш-оператор, лейтенант Евгений Долгин сириялық қолбасшылықтан ДАИШ содырларын атқылауға сұраныс алған. Бұл уақытта Пальмираның шығысында содырлардың жасағы сириялық әскерилерге шабуыл жасап жатқан.

"Экипаж командирі Ряфагать Хабибулин лаңкестерге шабуыл жасау туралы шешім қабылдады. Ресейлік экипаждың сауатты іс-әрекеттерінің арқасында лаңкестердің шабуылы тоқтады. Атыс жиындығы таусылғаннан кейін кері қарай бұрылып жатқанда тікұшақты жерден лаңкестер атып түсірді, сөйтіп, тікұшақ сириялық үкіметтік әскерінің бақылауындағы аймаққа құлады. Тікұшақ экипажы қаза тапты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.  

Қаза болған пилоттар мемлекеттік наградаларға ұсынылды.

RT телеарнасының мәліметінше, ресейлік Ми-25 АҚШ-та шығарылған танк ататын TOW зымыранға қарсы кешенімен атып түсірілген. Бұл қару Сирияға 2013 жылдан бері жеткізіліп жатыр, бұл кешенді АҚШ қана емес, Парсы шығанағындағы елдер де өндіреді екен. 


Сирияда қаза тапқан ұшқыш Ряфагать Хабибулин үш соғысқа қатысып, ауыр жарақат алған, алайда қызметтен кеткісі келмепті. © Twitter.com

Ал сенбі күні араб БАҚ-тары ресейлік тікұшаққа жасалған шабуыл бейнеленді деп бір видеожазбаны жариялады. Алайда кадрлардан тікұшақтың маркасын, оқиғаның қайда және қашан болғанын анықтау мүмкін емес. 

Айта кетейік, Сириядағы әскери операциялар басталғалы бері ресейлік әскерилер осымен екі тікұшақтан айырылды. 12 сәуірде ресейлік Ми-28Н Хомс ауданында құлаған болатын. Екі ұшқыш та қаза тапқан. Ал тағы бір Ми-8 тікұшағы 24 қарашада Су-24 бомбалаушы ұшағының экипажын құтқару бойынша операция кезінде жоғалған еді. Айта кетейік, Су-24 бомбалаушысын Түркияның жойғыштары атып түсірген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети