ДАИШ содырларының ежелгі Пальмирада қиратқан ғимараттардың видеосы жарияланды

13 Ақпан 2017, 14:45
0
ДАИШ содырларының ежелгі Пальмирада қиратқан ғимараттардың видеосы жарияланды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Ресейдің Қорғаныс министрлігі "Ислам мемлекеті" ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған террористік топ) содырларының Сирияның ежелгі Пальмирадағы қиратқан нысандарын түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Пальмира мен оның маңындағы аудандарды бақылау барысында камераға Пальмираның басты көрікті жерлері - Рим амфитеатрі мен тетрапилоның қирағаны түсірілген.

Видеодағы кадрлардан лаңкестердің Рим театрының орталық бөлігі мен тетрапилонның бағаналарын (270 жылы салынған тікбұрышты ғимарат) жарып жібергені көрінеді.

Экстремистердің ежелгі Пальмираға бірінші рет жасаған шабуылынан кейін ғимараттардың 80 пайызы қирамай бүтін қалған делінеді. Сондай-ақ, лаңкестердің қолынан Салах ад-Дин ғимараты мен ұлттық музейдің бүлінгені айтылады.

Басылымның мәліметінше, лаңкестер 2016 жылдың желтоқсанында қалаға қайтадан шабуыл жасап, тарихи ғимараттарды қиратпақ болған. Ал қаңтар айында Сириядағы ақпарат құралдары жаңадан қираған ғимараттар жайлы мәліметтерді келтірген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай