04 қазан 2020 09:35

Дәрігерлер Дональд Трамптың жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ президентін емдеп жатқан дәрігер Шон Конли Дональд Трамптың жағдайы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ президентін емдеп жатқан дәрігер Шон Конли Дональд Трамптың жағдайы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Президент бүгін таңертең өзін жақсы сезінді", - деді дәрігер журналистерге.

Ол президенттің сақтық үшін ауруханаға жатқызылғанын айтты. 

"Біз қазір президенттің көрсетіп отырған жетістіктеріне өте ризамыз", - деді Конли. 

Оның айтуынша, Трампта аздап жөтел мен әлсіздік бар.

Баспасөз мәслихатына қатысқан басқа дәрігерлер президентке оттегі берілмейтінін, тыныс алу және қимыл-қозғалыста қиындық жоқ екенін мәлімдеді. Трампта жұмадан бері температура жоқ.

Трампты емдеу кезінде олар екі эксперименттік препарат қолданған: "Ремдесивир" және антиденелерден жасалған коктейль.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғаны хабарланған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети