07 желтоқсан 2020 09:31

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарда "суперинфекция" пайда болғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dev.portofranko-vl.ru Фото: dev.portofranko-vl.ru

Мәскеу маңындағы Коммунарка жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Денис Проценко коронавирус инфекциясына байланысты жаңа мәліметті айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Эхо Москвы" және "Новая Газета" басылымдарына сілтеме жасап. 


Мәскеу маңындағы Коммунарка жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Денис Проценко коронавирус инфекциясына байланысты жаңа мәліметті айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Эхо Москвы" және "Новая Газета" басылымдарына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, ауруханаға түскен көптеген науқас COVID-19 вирусынан емес, стационардан шыққан суперинфекциядан қайтыс болған.

"Коронавирус жұқтырған науқастардағы ерекшелік, олардың ағзасында өте қауіпті суперинфекті бактериялардың тез қалыптасуы болып саналады. Сонымен қатар, бұл проблемалық штамдар тұрақты. Бұл емдеуді қиындатып отыр. Біз оларды жиі анықтап жатырмыз", - дейді дәрігер.

Денис Проценко дәрігерлер коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу тактикасын өзгертуі керегін айтады. Ол науқастар көбінесе гипоксия және тромбоэмболия, сепсис ауруларынан қайтыс болып жатқанын атап өтті.

Медицина ғылымдарының докторы, биоқауіпсіздік бойынша сарапшы Николай Дурманов COVID-19 жұқтырған науқастардың ағзасында көрінбейтін бактериялар болуы мүмкін екенін айтады.

Сарапшы вирус белгілері бар науқастар қауіпті емес екенін, алайда ағзасында вирус көбейіп жатқан пациенттер өте жұқпалы екенін жеткізді. Дурмановтың айтуынша, тек сынақ арқылы науқастың вирусты супер таратушы екенін анықтауға болады. Ол маскалар мен медициналық қолғаптарды пайдалану маңызды екенін ескертті.

Ресей Ғылым академиясының молекулалық генетика институтының зертхана меңгерушісі Константин Северинов ауруханаларда дәрі-дәрмектерге төзімді бактериялардан ерекше микрофлора пайда болғанын, салдарынан адамдар үшін қауіпті пневмониямен ауырып жатқанын айтты. Ол коронавируспен ауыратын барлық науқасқа антибиотиктерді тағайындау олардың ағзасында ауруға төзімді бактериялардың көбеюіне ықпал жасайтынын атап өтті.

Жедел штаб мәліметінше, пандемия басталғаннан бері Ресейде шамамен 2,5 миллион адам COVID-19 жұқтырған. Жақында елде алғаш бір тәулікте 29 мыңнан аса коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети