18 мамыр 2022 09:12

ДДСҰ Қытайдың коронавирусқа қарсы шарасын тағы сынға алды

©REUTERS ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қытайдың COVID-19-ға қарсы шараларын тағы да сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қытайдың COVID-19-ға қарсы шараларын тағы да сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДДСҰ басшысының сөзінше, Қытайдың коронавирусқа қарсы қолданып жатқан шаралары омикрон салдарынан тұрақсыз болып отыр. Бірақ ұйым басшысы әр ел қандай саясат жүргізетінін өзі таңдайтынын атап өтті.  

"Біз бұл вирусты жақсы білеміз, бізде вакцинамен қатар түрлі құрал бар. Сондықтан вирусқа қарсы күрес пандемияның басында істеген шаралардан бөлек болуы керек", - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, Гебрейесус ДДСҰ бұған дейін қытайлық шенеуніктерге олар коронавирусқа қарсы қолданып жатқан шараларына қатысты ұсыныс жасаған, бірақ "қандай тәсілмен жұмыс істеуді әр ел өзі таңдайтынын" айта кеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети