ДДҰ COVID-19 жағдайларының азаюына қуану неге әлі ерте екенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ COVID-19 жағдайларының азаюына қуану неге әлі ерте екенін түсіндірді Фото: elements.envato.com

COVID-19-дың жаңа жағдайлары мен одан қайтыс болғандар саны күннен күнге азайып келеді, алайда коронавирустың "ұлыбританиялық", "Оңтүстік африкалық" және "бразилиялық/жапониялық" штамдары анықталған елдер саны өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап. 

"Төртінші апта қатарынан бүкіл әлемде тіркелген жаңа жағдайлар саны азайып келеді: өткен аптада 3,1 миллион жаңа жағдай болды, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 17 пайызға аз. Бұл 26 қазаннан (15 апта бұрын) бергі ең төмен көрсеткіш. Тіркелген жаңа өлім жағдайының саны да екінші апта қатарынан азайып келеді: өткен аптада 88000 адам қайтыс болды, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 10 пайызға аз", - делінген ДДҰ сайтында.

Ұйым мәліметінше, әлемде 1-7 ақпан аралығында бір апта ішінде 3 153 426 жаңа жағдай және 88 369 өлім тіркелген. Алайда ДДҰ өкілдері алаңдау тудыратын коронавирустың басқа нұсқалары тарап жатқанын айтты. Мәліметтерге сәйкес, "ұлыбританиялық" штамм 86 елде, "Оңтүстік Африка" штамы 44 елде, ал "бразилиялық/жапониялық" 15 елде анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети