10 ақпан 2021 09:50

Коронавирусқа қарсы екпені жыл сайын алуға тура келеді - J&J басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Johnson&Johnson компаниясының басшысы Алекс Горски алдағы бірнеше жылда адамдарға жыл сайын тұмау сияқты коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға тура келетінін жоққа шығармады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Johnson&Johnson компаниясының басшысы Алекс Горски алдағы бірнеше жылда адамдарға жыл сайын тұмау сияқты коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға тура келетінін жоққа шығармады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Менің ойымша, адамдардың көбі біз тұмауға қарсы екпе сияқты COVID-19-ға да вакцинаны бірнеше жыл бойы аламыз дегенге келіседі. Біз бүгін осы вакциналардың құрамында не болатынын білмейміз деп ойлаймын. Бірақ бәріміз онымен бірге өмір сүретін болашақты елестете аламыз", - деді Горски CNBC-ге берген сұхбатында.

Johnson & Johnson корпорациясы АҚШ реттеушісіне коронавирусқа қарсы вакцинасын тіркеуге өтініш берген болатын. 

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылы 11 наурызда жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясының өршуін пандемия деп жариялаған еді.

Бұған дейін ДДҰ әлемде COVID-19-дың жаңа жағдайлары мен одан қайтыс болғандар саны күннен күнге азайып келе жатқанын, алайда коронавирустың "ұлыбританиялық", "Оңтүстік африкалық" және "бразилиялық/жапониялық" штамдары анықталған елдер саны көбейгенін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети