1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

ДДҰ шошқа тұмауының жаңа штаммына қатысты пікір білдірді

Қытай ғалымдары жазған шошқа тұмауы вирусы әртүрлі болып келеді және ол біз үшін мүлдем жаңа емес. Бұл туралы Женевада өткен брифингте ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан айтты, - деп хабарлайы РИА Новости.

"Адамдарды тыныштандыру маңызды, бұл жаңа вирус емес, бұл бақылауда жүрген вирус. Біз оны бақылаймыз", - деді ол.

Еске салайық, мұның алдында қытайлық ғалымдар шошқа тұмауының жаңа штаммын тапқан болатын.

Жаңа штаммға G4 атауы берілді. Ол 2009 жылы пандемияның пайда болуына әсер еткен H1N1 вирусының генетикалық ұрпағы делінеді. Зерттеушілер 30 000-нан аса шошқа етіне зерттеу жүргізіп, 179 вирусты анықтаған. Олардың ішінде ең жұқпалы G4 штаммы болған. Ол адам жасушаларында белсенді түрде көбейген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!