28 қыркүйек 2018 16:48

Дипломат Жээнбековтен Қырғызстан СІМ басшысын жұмыстан шеттетуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kabar.kg © kabar.kg

Қырғызстанның Кореядағы елшісі Қылышбек Сұлтан ел президентінен СІМ басшысы Ерлан Әбділдаевты, президент аппаратының басшысы Досалы Есенәлиевті және өзін уақытша қызметтен шеттетуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл өзі мен Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген ақпаратты әділ тергеу үшін қажет.

"Құрметті президент, егер сіз Досалы Есенәлиев пен Ерлан Әбділдаевты уақытша шеттете алмаймын деп шешсеңіз, онда мені өз қалауыммен босатуыңызды сұраймын. Бұл жағдайда қызметтік мүддедегі жанжал туындағандықтан, басқаша әділ тергеу жүргізу мүмкін емес деп есептеймін", - делінген елшінің үндеуінде. 

Кеше Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның Кореядағы елшісі Қылышбек Сұлтан мен Қырғызстан СІМ-нің арасында болған жағдайды зерттеуді қауіпсіздік кеңесіне тапсырды. Тексеріс нәтижелері ұсыныстармен бірге ел президентіне тапсырылатын болады. 

Айта кетейік, Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі елшіні дипломатиялық этика нормаларын бұзды деп айыптады. Мәліметтер бойынша, елші қырғыздардың жоғары шенді шенеунігінің Сеулде рейстен түсірілгені туралы мағлұматты жариялаған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети