Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Джакарта шенеуніктері қызметтік көлікті қоғамдық көлікке ауыстыруды ұсынды

10 Тамыз 2014, 16:38
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Индонезиялық шенеуніктер қызметтік көліктерді қоғамдық көлікке ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды The Jakarta Globe. Ел астанасы Джакарта қаласының губернаторы  Джоко Видодоның (Joko Widodo) бұл қаулысы қыркүйек айынан бастап күшіне енеді. Бұл қаулыда әрбір қызметтік көлікті пайдаланатын шенеунік өзінің көлігін үкіметке кері қайтарып, қоғамдық көліктермен жүретін болса, оған ай сайын стипендия беріліп отырады. 

Джакарта басшылары қызметтік көлікті пайдаланатын мемлекет қызметкерлерінің санын азайтуға ниетті. Сонымен қатар ол көліктерге кететін сомманы да қысқарту жоспарлануда. Көлігін кері қайтарған шенеуніктерге ақша лауазымына қарай беріледі. Олар 4,5 миллион индонезиялық рупиден (шамамен 70 мың теңге) 12,5 миллионға (шамамен 200 мың теңге) дейін алады. "Штаттағы қызметкерлер стипендияны өз лауазымына қарай алады", - дейді губернатордың хатшысы. 

Айта кетейік, Қазақстанда шенеуніктер орта есеппен құны жеті миллион теңгелік қызметтік көлік алады. Мемлекеттік сатып алуға арналған сайтта мұндай тендерлрдің оншақтысы бар. Маусым айында Қарағанды облысының әкімшілі қызметтік Land Cruiser 200 автокөлігін пайдалану үшін бес миллион теңге жұмсайтыны белгілі болды. Бірақ, кейін ол тендер жоққа шығарылды. Айта кетейік, Қазақстанда қызметтік көлікті пайдаланған шенеуніктер  жанармайын қанша теңгеге алатынын да көрсетеді. Мәселен, шілде айының соңында  Шығыс Қазақстан мемлекетті кәсіпорны АИ-92 маркалы бензиннің бір литрін 120 теңгеге алған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай