25 желтоқсан 2020 14:09

Джек Ма бір күнде 3,5 миллиард долларынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ең бай қытайлық миллиардерлердің бірі, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма монополияға қарсы тергеуге байланысты Alibaba акцияларының құлдырауынан бір күнде 3,5 миллиардтан аса доллар жоғалтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ең бай қытайлық миллиардерлердің бірі, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма монополияға қарсы тергеуге байланысты Alibaba акцияларының құлдырауынан бір күнде 3,5 миллиардтан аса доллар жоғалтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Forbes Real-Time рейтингісіне сәйкес, Джек Ма-ның байлығы бейсенбідегі сауда-саттықтың жабылуында 57,3 миллиард долларға бағаланды. Басылымның ақпаратынша, ол бір тәулікте 3,6 миллиардынан айырылған. Бизнесмен рейтингтің 19-шы орнында тұр.

"Бейсенбіде Гонконг пен Нью-Йорк биржаларындағы Alibaba акциялары монополияға қарсы тергеу туралы жаңалықтардан кейін айтарлықтай зардап шекті. Компанияның Гонконгтегі акциялары 8,1 пайызға, ал NASDAQ биржасында - 13,3 пайызға арзандады", - деп жазылған басылымда.

Бұған дейін Қытайдың нарықты бақылау және реттеу жөніндегі бас мемлекеттік басқармасы Alibaba-ға қатысты монополияға қарсы тергеуді бастағаны хабарланған болатын. Компания өз кезегінде билікпен белсенді ынтымақтасуға дайын екенін және тергеуге қарамастан қалыпты жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети