23 қыркүйек 2019 | 09:24

Джеки Чан Абай Құнанбаевтың өлеңін оқыды

Джеки Чан © REUTERS Джеки Чан © REUTERS

Актер Джеки Чан қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған #Abai175 флешмобына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Актер Джеки Чан қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған #Abai175 флешмобына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан Президенті бастаған поэзиялық челленджді досым Ерлан Кариннен қабыл алдым", - дейді Джеки Чан. Ол Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" атты өлеңін оқыды.

Ерлан Карин мен Джеки Чан сәуірде кездескен. Кездесу барысында актерге қазақстандықтарды Сириядан алып келу туралы фильм көрсетілген. 

Бұған дейін челленджге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, Ресей композиторы Игорь Крутой және Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қатысқан. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойған. Оның алдында Президент 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітуді тапсырған еді.

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer