АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Әзірет Сұлтан мешітіне сый жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Әзірет Сұлтан мешітіне сый жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға сапары барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Әзірет Сұлтан мешітін аралап шықты. Мешіттің Бас имамы Серікбай Ораз оны күтіп алып, мешітті аралатты. Кездесудің соңында Джон Керри қасиетті Құран жазбалары бар картинаны мешітке сыйлады, ал Серікбай Ораз қонаққа құмыраны сыйға тартты.
© muslim.kz
Сонымен қатар, ол локомотив құрастыру зауытына барды. Ол "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пен "Дженерал Электрик" компаниясы бірлескен кәсіпорын. Оның құрылысы туралы шешім 2006 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен қабылданған. Ол 2009 жылы шілдеде ашылды.
Конвейер желісі бар тепловоз тұңғыш рет 2009 жылы желтоқсанда шықты. 2009-2015 жылдар аралығында барлығы 294 локомотив құрастырылған. Олардың: 277 тепловозы "Локомотив" АҚ-қа, ал 17-сі Украина, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдеріне сатылған.
Зауыттың жалпы аумағы - 27,2 гектар. Оның тоғыз цехы бар, жылына 100 локомотив құрастыруға есептелген. Зауытта 600-ден аса адам жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орталық Азия бойынша ресми турне аясында Астанаға келген болатын. Джон Керри Қазақстанға Өзбекстаннан келді. Ол Өзбекстанда Орталық Азия елдерінің сыртқы саясат басқармаларының басшыларымен кездесті. Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік хатшысы Самарқандта Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен келіссөздер жүргізді. Оған дейін Керри Бішкекте болды. Бүгін ол Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен және сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесті. Осыдан кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды.