Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланды

Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайланғаны жайлы Washington Post, Bloomberg, Fox News және Assosiated Press басылымдары жариялады.

Алдына ала мәлімет бойынша, Трамп сайлаушылардың 279 дауысын жинаса, Клинтон сайлаушылардың 218 дауысын жинаған.

The New York Times басылымының соңғы мәліметі бойынша, Дональд Трамп сайлауда өз қарсыласы Хиллари Клинтоннан үлкен айырмашылықпен алда келе жатқан болатын. Сонымен қатар, басылым Трамптың АҚШ-тың келесі президенті атану мүмкіндігін 95 пайыз деп бағалаған еді.

Ал сайлау қарсаңында басылымдар мен сарапшылар Демократиялық партияның өкілі Хиллари Клинтонның жеңетінін болжаған еді. 

Еске салайық, АҚШ президенттігіне сайлау 8 қарашада басталған болатын. 19 желтоқсанда формалды сайлау процедурасы өтеді, ал 2017 жылдың 6 қаңтарында АҚШ конгрессі қорытындыны бекітеді. Ұлықтау рәсімі 20 қаңтарға жоспарланған. Осы кезде АҚШ президенті өз қызметіне кіріседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети