09 қараша 2016 10:27

АҚШ президентін сайлау: Трамп алда келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BBC © BBC

Республикалықтардың кандидаты Дональд Трамп АҚШ президенттігіне сайлау додасында Хилари Клинтоннан әзірше алда келеді, - деп хабарлайды The New York Times.


Республикалықтардың кандидаты Дональд Трамп АҚШ президенттігіне сайлау додасында Хилари Клинтоннан әзірше алда келеді, - деп хабарлайды The New York Times.

Ал сайлау қарсаңында басылымдар мен сарапшылар Демократиялық партияның өкілі Хиллари Клинтонның жеңетінін болжаған еді. Алайда онда да үміткерлердің қатар жүріп отыратынын болжаған.

Америкалық БАҚ-тар Трамп жеңіске жетеді деген көзқарас айтып отыр. The New York Times оның жеңісін 95 пайыз көрсеткішпен бағалады. Ал бірнеше күн бұрын газет Клинтонның жеңісіне 85 пайызға сенімді болған еді. Басылым республикалықтардың атынан шыққан үміткердің тоғыз штатта жеңіске жеткені туралы, ал Хиллари Клинтонның алты штатта жеңіске жетіп отырғаны жайлы мәліметтер келтіреді. Сондай-ақ, Трамп сайлаушылардың 270-і қажет болған жағдайда 290 сайлаушы жинай алатыны жайлы болжамды да келтіреді.

CNN мәліметінше, Трамп қазіргі уақытта 186 сайлаушының, ал Клинтон 190 сайлаушының даусына ие. Алайда қазіргі таңда негізгі штаттардың дауысы есептелмеген.


Трамп отбасымен бірге дауыс беру процесін бақылап тұр. © Twitter.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети