Дональд Трамптың EXPO-2017 көрмесінің ашылуына неліктен келе алмайтыны белгілі болды

10 Мамыр 2017, 15:58
0
Дональд Трамптың EXPO-2017 көрмесінің ашылуына неліктен келе алмайтыны белгілі болды - © White House
© White House

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің өкілі президент Дональд Трамптың тығыз жұмыс кестесіне байланысты EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатына келе алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көрменің ресми түрде ашылу салтанаты 10 маусымда өтеді. Онда ШЫҰ президенттері, сондай-ақ, Қытай, Ресей және басқа да елдердің президенттері болады. Бірақ біздің президент онда болмайды, себебі оның жұмыс кестесі өте тығыз... Ашылу салтанатына өкіліміз барады. Әрине, мен де онда боламын, сондай-ақ, менің кейбір әріптестерім де сонда келеді", - деді Джордж Крол журналистерге.

Бірақ ол павильонға қатысты құпияларды ашпады. Оның айтуынша, көрермендерді қызық дүниелер күтіп тұр.

"Бұл құпия. Бірақ қызық болады. Біздің павильонның орталығы театр болады. Экранда би мен музыка болады", - деді Джордж Крол

Сондай-ақ, ол АҚШ-тың көрменің ұйымдастырылуына көңілдері толып жатқанын айтып өтті. "Біз ризамыз. Ешқандай қиындықтар туған жоқ", - деді елші.

EXPO-2017. Ең ірі жобаның ашылуына бір ай қалды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай