1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

"Донбасстың кез келген жерінде кездесейік". Зеленский Путинге бейнеүндеу жариялады 21 сәуір 2021, 11:03

Украина президенті Владимир Зеленский видеоүндеу жариялады. Онда ол Ресей президенті Владимир Путинмен "Украинадағы Донбасстың кез келген нүктесінде"
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: ©pravda.com.ua Фото: ©pravda.com.ua

Украина президенті Владимир Зеленский видеоүндеу жариялады. Онда ол Ресей президенті Владимир Путинмен "Украинадағы Донбасстың кез келген нүктесінде" кездесуге дайын екенін айтты және Украина Ресейден қорықпайды деп сендірді, - деп хабарлайды "Украинская правда"

Зеленский Ресей президентіне орыс тілінде сөйлеп, қалған сөзін украин тілінде жалғастырған.

"Мен солтүстіктегі көршімізге бөлек айтқым келеді. Бірде Ресей Президенті: "егер төбелес сөзсіз болса, бірінші ұру керек" деген. Бірақ бүгінде әр көшбасшы әңгіме нақты соғыс пен миллиондаған адам өмірі туралы болған кезде "төбелес" сөзсіз болмайтынын түсінуі керек. Бұның жекпе-жектен айырмашылығы, соғыста барлық тарап ұтылады. Біреуді шабуыл жасау арқылы қорғауға болмайды. Біреуді ұстап отыру арқылы бостандық беру мүмкін емес. Кімді, кімнен қорғағысы және босатқысы келетінін түсінбейтін адамдар оларды неге атқылап, бомбалап жатқанын түсінбейді. Оның ішінде осы жерді фашистерден азат еткен және 75 жылдан кейін бейбіт өмірі қайтадан соғыс қаупіне ұшырағанын түсінбейтін қарттар да бар.

Украина мен Ресей өткеніне қарамастан, болашаққа басқаша қарайды. Бірақ бұл міндетті мәселе емес, бұл мүмкіндік. Кем дегенде, алдағы әскери шығындардың киллерлік математикасын тоқтатуға әлі кеш емес.

Кеше және бүгін "Норман төрттігі" кеңесшілері мен Үш жақты байланыс қауіпсіздік тобының отырысында атысты толық тоқтату режимін қалпына келтіру талқыланды. Бірақ барлық тараптың қолдауына қарамастан, Ресей жалпы мәлімдемені қолдаудан бас тартты.

Сонымен қатар, жағдайды мүмкіндігінше дәл көру және түсіну үшін демаркация сызығында кездесу туралы ұсыныс айтылды. Ал мен не түсінуім керек? Мен онда ай сайын боламын. Путин мырза! Мен сізге соғыс жүріп жатқан украиналық Донбасстың кез келген жерінде кездесуді ұсынуға дайынмын", - деді Зеленский.

Зеленский украиналықтардан ақпарат тазалығын сақтауды, ақпаратты тексеруді сұрады және армия агрессорға қарсы тұра алатынына сендірді.

"Бүгінде бәріміз Украина алдында тұрған маңызды мәселелер толқынына бейімделуіміз керек...

Біріншісінен бастасақ. Бүгін не болып жатыр? Біздің мемлекеттік шекараларымызда ресейлік әскерлер шоғырланған. Ресми түрде Ресей мұны оқу-жаттығу шарасы дейді. Бейресми түрде, бүкіл әлем мұндай әрекетті бопсалау деп атайды. Алаңдататыны рас қой? Иә. Украина мен оның халықаралық серіктестері әскерлерді біздің шекарамыздан алыстатуды талап ете ме? Иә. Өйткені Ресей Федерациясы бейбітшілікті қалайтынын үнемі қайталайды. Бірақ соғыс қаупінің барлық алғышартын жасайды.

Бұл қисынды дүние ме? Жоқ. Бұл күтпеген жағдай ма? Жоқ. Бұл эскалация сөзсіз дегенді білдіре ме? Жоқ.

Украина соғысты қалай ма? Жоқ. Ол оған дайын ба? Иә. Украина бейбітшілік үшін дипломатиялық жолмен күресуді тоқтата ма? Ешқашан. Украина қандай жағдай болмасын өзін қорғай ма? Иә.

Біздің ұстанымымыз қарапайым: Украина алдымен соғыс бастамайды, бірақ Украина әрқашан соңына дейін күреседі", - деді Украина президенті.

Зеленский Украина азаматтарына қорқудың қажеті жоқ екенін айтты. Өйткені 2021 жылғы Украина 2014 жылға қарағанда өзгеше.

"Біз қорықпаймыз! Өйткені 2021 жылғы Украинаның көзқарасы нақты. Нағыз дос пен бауыр кім екенін түсінеді. Кім қорғауға дайын екенін және кім соққы жасайтынын түсінеді. Сондықтан Украина-2021 барлық ықтимал сценарийді және кез келген жағдайға жауап ретінде не істейтінін біледі. Біз қорықпаймыз, керемет әскеріміз және қорғаушыларымыз бар", - деді ол.

Зеленский Украина армиясы сапалы жабдықталғанын, кез келген қарсыласты жеңуге дайын екенін айтты.

"Біз қорықпаймыз! Әскер, дәрігер, ғалым, инженер, дизайнер, сәулетші, құрылысшы, фермер, суретші, музыкант, ақын. Біз жойғыш емес, құраушы ұлтпыз. Біз басқа жерлер мен халықтарды жоймаймыз. Бірақ бұл өзімізді жоюға мүмкіндік береміз дегенді білдірмейді. Біз берілуді білмейміз.

Біз қорықпаймыз! Өйткені халықаралық серіктестердің қуатты қолдауы бар. Мен АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Түркия көшбасшыларымен, Еуропа Кеңесінің президентімен және НАТО бас хатшысымен сөйлестім. Олар біздің жағымызда. Олар Ресейдің шынайы ниетін біледі. Бізді қаржылай қолдауға дайын. Біз қатаң санкциялар енгізуге және қатаң шешімдер қабылдауға дайынбыз", - деді Зеленский.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!