1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Путин Зеленскийдің кездесу туралы ұсынысына жауап берді 23 сәуір 2021, 09:01

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскийді екіжақты қатынастарды талқылағысы келсе, Мәскеуде кез келген ыңғайлы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскийді екіжақты қатынастарды талқылағысы келсе, Мәскеуде кез келген ыңғайлы уақытта қабылдауға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Зеленский сейсенбіде елдің қауіпсіздік жағдайы туралы бейнеүндеуде Ресей президентіне "Украинадағы Донбасстың кез келген нүктесінде кездесуді" ұсынған еді.

"Егер екіжақты қатынастарды дамыту туралы айтатын болсақ, онда біз Украина президентін Мәскеуде кез келген уақытта қабылдаймыз", - деді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу кезінде журналист сұрағына берген жауабында.

"Украина президенті Зеленский қарым-қатынасты қалпына келтіргісі келсе, онда біз оны қолдаймыз", - деді Путин.

"Бұдан туатын сұрақ: біз ол кездесуде нені талқылаймыз? Егер Донбасс мәселелерін талқылау туралы айтатын болсақ, онда бірінші кезекте Украина басшылығы Луганск халық республикасы және Донецк халық республикасы басшыларымен кездесіп, содан кейін бұл мәселелерді Ресей өкілдерімен талқылауы керек", - деді Ресей президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!