1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

ДСҰ пандемияның жаңа эпицентрін жариялады

Оңтүстік Америка COVID-19 пандемиясының жаңа эпицентрі болды. Өңірде ең көп зардап шеккен ел - Бразилия. Бұл туралы Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі ДСҰ бағдарламасының директоры Майкл Райан мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Оңтүстік Америка вирустың жаңа эпицентріне айналды. Біз Оңтүстік Американың көптеген елінде жұқтыру дерегі өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Әрине, онда көбінің жағдайы алаңдатады, алайда, қазіргі уақытта ең көп зардап шеккен - Бразилия", - деді ол Женевада өткен брифингте.

Оның айтуынша, Бразилияда вирус жұқтырғандар саны 300 мыңға жетіп қалды, олардың көбі Сан Паулода.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 23 мамырдағы мәліметіне сәйкес, әлемде COVID-19 5 миллионнан аса адамнана анықталған, 340 003 адам қайтыс болған. Ең көп жұқтыру дерегі Солтүстік және Оңтүстік Америкада тіркелген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!