19 маусым 2017 12:56

Дубайда сүйіктісін өлтірген қазақстандық әйелдің жазасы қатаңдатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Дубай соты сүйіктісін өлтірген қазақстандық әйелдің қамау мерзімін ұзартты, - деп жазады "Русские Эмираты" басылымы.


Дубай соты сүйіктісін өлтірген қазақстандық әйелдің қамау мерзімін ұзартты, - деп жазады "Русские Эмираты" басылымы.

Дубайдың апелляциялық соты жексенбіде қазақстандық әйелге шыққан сот үкімін қайта қарады. Айта кетейік, ол осыған дейін өзінің сүйіктісін өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Енді сот оны 15 жылға қамау туралы шешім шығарды.

2014 жылдың 16 тамызында 33 жастағы әйел сүйіктісі - Палестина тумасын ұйықтап жатқанда өлтіріп тастаған. Кейінірек әйел полицияға ер адамға көлік әперіп, ақша бергенін, ал ол болса әйелді тастамақ болып жүргенін айтқан.

Сондай-ақ, қазақстандық әйелдің сол сәтте мас болғаны белгілі болды. Былтыр ол сот алдында қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша айыпты деп танылған болатын. Басылымның мәліметінше, әйел жазасын өтеп болған соң елден шығарылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети