01 сәуір 2021 17:56

Дүние жүзінде бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны рекорд деңгейге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі COVID-19 жұқтыру көрсеткіші рекорд деңгейге жетті. Өткен тәулікте 640 205 жаңа дерек тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлемдегі COVID-19 жұқтыру көрсеткіші рекорд деңгейге жетті. Өткен тәулікте 640 205 жаңа дерек тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған Worldometers порталында жарияланған мәлімет дәлел болады. Бұл қаңтардан бергі рекорд көрсеткіш.

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ең көп өсім Бразилияда тіркелді - 89 200 жаңа жағдай. Одан кейін Үндістан (72 182) және АҚШ (68 756). Франциядағы жағдай да алаңдатып отыр. Онда вирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асқан. Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 1663 жағдай тіркелген.

Бұған дейін Еуропада коронавирус инфекциясының үшінші толқыны басталғаны хабарланған болатын. Инфекцияның өршуі COVID-19 мутациясы және вакцинация науқанының әлсіз болуына байланысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети