Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы вирусқа байланысты мәлімдеме жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда тарап жатқан індетке байланысты төтенше жағдай жариялау әлі ерте екенін айтады. Бұл туралы ұйым төрағасы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда тарап жатқан індетке байланысты төтенше жағдай жариялау әлі ерте екенін айтады. Бұл туралы ұйым төрағасы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төтенше жағдай жариялау әлі ерте деп шешті", - деді ұйымның ресми өкілі брифинг барысында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус ұйымның коронавирустың жаңа түрінің қаншалықты қауіпті екенін зерттеп жатқанын айтты.

"Біз БАҚ-тарда індеттің Қытайдан тыс аумақтарда таралғаны туралы жазылып жатқанын білеміз, алайда бұл мәліметтер қазір тексеріліп жатыр", - деді Тедрос Адан Гебрейесус.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға баруға қандай да бір шектеу қоймауға кеңес береді. 24 қаңтардағы таңғы уақыттағы жағдай бойынша Қытайда коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандардың саны 25 адамға жетсе, вирус жұқтырғандардың саны 830 адамға жеткен.

Қытайда шығу тегі белгісіз індет тарап жатыр: қазақстандықтарға ескерту жасалды

Еске салайық, кейбір дереккөзздер бастапқыда мұны пневмония деп айтса, жергілікті дәрігерлер оны жоққа шығарған болатын. Дегенмен Қытай мұның жалпыұлттық эпидемия болып кетуінен қауіптенеді. Дәл қазір Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары елдегі жағдайды бақылап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гонконг, Тайвань, Сингапур елдерінде қауіпсіздік мақсатында эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 501.83  course up  519.8  course up  5.31  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer