Дуров Ресей мен Украинадағы Telegram-арналардың жұмысын шектеу туралы ойын айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: durov/instagram Фото: durov/instagram

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров жалған ақпарат тарауына байланысты Ресей мен Украина аумағында мессенджер жұмысын шектеу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров жалған ақпарат тарауына байланысты Ресей мен Украина аумағында мессенджер жұмысын шектеу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павел Дуров Telegram арнасында мессенджер Украинадағы оқиғаларға қатысты тексерілмеген ақпараттың қайнар көзіне айналып жатқанын жазды.

"Бізде арналардың барлық жазбасын тексеруге физикалық жағынан мүмкіндік жоқ. Ресей мен Украинадағы қолданушыларды қазір Telegram-да таралатын кез келген деректерге күмәнмен қарауға шақырамын", - деді платформаның негізін қалаушы.

Дуров Telegram желісі қақтығысты күшейтетін және ұлтаралық алауыздықты тудыратын құрал ретінде пайдаланылғанын қаламайтынын атап өтті.

"Жағдай ушықса, қақтығыс кезінде қатысушы елдердегі Telegram арналардың жұмысын ішінара немесе толық шектеу туралы мәселені қарастырамыз", - деді ол.

Жазба пайда болғанына бірнеше сағат өткен соң Дуров Ресей мен Украина аумағындағы арналардың жұмысына шектеу қойылмайтынын мәлімдеді.

"Қолданушылар қақтығыс кезеңінде Telegram арналарды өшірмеуін сұрады, өйткені біз олар үшін жалғыз ақпарат көзіміз. Осы өтініштерге байланысты мұндай шараларды қарастырмауға шешім шығардық. Алайда осы қиын кезеңде Telegram арналарда жарияланған деректерді қайта тексеруді және сеніп қалмауды тағы бір рет сұраймын", - деп жазды Telegram негізін қалаушы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer