Душанбеде Путин мен Назарбаев Украина ахуалын талқылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Душанбедегі ШЫҰ саммиті кезінде кездесу өткізіп, еуразиялық ықпалдастық мәселелерін талқылады. Украинадағы ахуал да кездесудің басты тақырыптарының бірі болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Душанбедегі ШЫҰ саммиті кезінде кездесу өткізіп, еуразиялық ықпалдастық мәселелерін талқылады. Украинадағы ахуал да кездесудің басты тақырыптарының бірі болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Кездесу барысында екіжақты қатынастар мәселесі, сондай-ақ еуразиялық ықпалдастық пен Кеден одағын дамыту мәселелері талқыланды. Бұған қоса, президенттер Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасты", - деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Ал Ақорданың мәліметінше, Қазақстан Президенті қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты ШЫҰ шеңберіндегі басым бағыт деп атады. Ол шекара мәселелері жөнінде ынтымақтастық пен өзараәрекеттесу туралы келісімдерге қол қоюдың ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті. Мемлекет басшысы Астананың Аймақтық антитеррорлық құрылым қызметін одан әрі жетілдіруге арналған әрекеттерді біріктіруге күш салуға дайын екенін жеткізді. 

Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалды бейбіт жолмен реттеудің маңызын атап өтті. "Дағдарыстың ауқымы мен ықпалы елдің шеңберінен әлдеқашан шығып кетті. Шығыс Украинадағы жағдай кезек күттірмейтін шаралар мен әрекеттерді талап етеді. Мәселені шешудің жалғыз ұзақмерзімді жолы - саяси диалог", - деді Назарбаев.

Бұған дейін Петр Порошенконың Донбаста атыстың тоқтатылғанын жариялағаны хабарланған болатын. Сонымен бірге, Украинада Донецк және Луганск облыстарының ерекше мәртебесі мен кезектен тыс сайлау өткізу туралы заң қабылдау жөнінде уағдаластыққа қол жетті.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro