Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Порошенко Донбаста атыстың тоқтатылғанын жария етті

03 Қыркүйек 2014, 15:00
0

Донбаста атыс тоқтады, бұл туралы Петр Порошенконың баспасөз қызметі оның Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелесуінен кейін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бейбітшілік орнатуға ықпал ететін қадамдарға қатысты өзара түсіністікке қол жетті", - делінген Украина президентінің сайтында жарияланған хабарламада.

Еске сала кетейік, Киев билігі сәуір айынан бері Украинаның шығысында Донбастың ақпан айындағы мемлекеттік төңкеріске наразы тұрғындарына қарсы күш операциясын жүргізіп жатыр. БҰҰ-ның мәліметінше, сәуірдің ортасынан 27 тамызға дейін Украинада 2,5 мыңнан астам бейбіт тұрғын опат болып, 6000-ға жуық тұрғын жарақат алған. Мәскеу бұл арнайы операцияны жазалаушы шара деп бағалап, әлемдік қоғамдастықты атысты тоқтату үшін барлық шараны қолға алуға шақырды. 

Дегенмен Донецк халықтық республикасының өкілдері Порошенконың атысты тоқтату туралы шешіміне күмән келтіреді, олардың айтуынша, украин бөлімшелерінің бәрі бірдей Порошенкоға бағынбайды. "Порошенко жазалаушы батальондарды бақыламайды, оларды президенттің шешіміне бағынады деу екіталай", - деді РИА Новости агенттігіне ДХР Қорғаныс министрлігі саясат бөлімінің халықаралық ақпараттық қызметінің жетекшісі Владислав Бриг. "ДХР армиясы Донбаста жазалаушылар түгел кетпейінше атысты тоқтатпайды", - деді ол.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай