Эфиопияда 157 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эфиопияда 157 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады © Фото: Twitter @ItsJacksonKE

Эфиопия астанасы Аддис-Абебтан ұшып шыққан Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing ұшағы Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Оның ішінде 157 адам болған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Әуе компания өкілдерінің айтуынша, бортта 149 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған. 

"Boeing 737 MAX 8 тіркеу нөмірі ET-AVJ сағат 08.38 жергілікті уақытпен Аддис-Абебтегі Боле халықаралық әуежайынан ұшып, сағат 08.44 онымен байланыс жоғалған. Қазіргі уақытта іздеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бізде тірі қалған немесе қаза тапқандар жайлы нақты деректер жоқ", - деді Ethiopian Airlines өкілдері.

Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Али кениялық Найробиге сапар жасамақшы болған Boeing 737 ұшағының апаты жайлы мәлімдеме жасаған.

"Премьер-министрдің кеңсесі мен үкіметтің атынан және Эфиопия халқының атынан Boeing 737 Ethiopian Airlines ұшағында қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғысына ортақпын", - деді премьер-министр в Twitter желісіндегі парақшасында.  

Қазіргі уақытта қаза тапқан жолаушылардың саны анықталып жатыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +17
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +24
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +18
С
Семей +19
Т
Талдықорған +19
Тараз +20
Түркістан +23
О
Орал +15
Ө
Өскемен +20
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер