18 қаңтар 2023 09:24

Экобелсенді Грета Тунберг Германияда қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неміс полициясы экология белсендісі Грета Тунбергті уақытша қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Неміс полициясы экология белсендісі Грета Тунбергті уақытша қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол полиция бөлімшесінде бірнеше сағат болған. 17 қаңтарда Грета Тунберг Германияның қараусыз қалған Лютцерат ауылы маңындағы көмір шахтасының кеңеюіне наразылық акциясы кезінде ұсталды.

Тунберг пен басқа демонстранттар жеке басын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ахен полициясының өкілі Дана Циммерманның айтуынша, бірнеше ондаған адам ұсталған, алайда олар ресми түрде қамауға алынған жоқ.

Айта кетейік, Лютцератта көмір өндіруге байланысты жанжал пайда болды.

Лютцераттағы жағдай қаңтар басында шиеленісе түсті: Германиядағы ең ірі қоңыр көмір кеніштерінің бірі Гарцвайлерді кеңейту үшін көшірілген ауылды бұзу жоспарланған болатын. Ауыл тұрғындары RWE концернінен өтемақы алып, бұл елдімекенді әлдеқашан тастап кеткен. Осыдан кейін ол жерге экобелсенділер өз еркімен қоныстанған.

11 қаңтарда полиция белсенділерді Лютцераттан қуып, ғимараттарды бұзу операциясын бастады. Алайда белсенділер қарсылық көрсетті. Германияның түкпір-түкпірінен мыңдаған адам ауылдағы наразылық акциясына жиналды. Табиғатты қорғаушы белсенділер көмір кенішінің кеңеюі қоршаған ортаға зиянын тигізіп қана қоймай, климат жөніндегі Париж келісіміне қайшы келетініне сенімді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети