12 сәуір 2021 15:25

Экс-банкир Эквадор президенті болып сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гильермо Лассо. Фото ©REUTERS Гильермо Лассо. Фото ©REUTERS

Эквадор президентінің сайлауында бұрынғы банкир, орталық оңшыл "КРЕО қозғалысының" мүшесі Гильермо Лассо жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.


Эквадор президентінің сайлауында бұрынғы банкир, орталық оңшыл "КРЕО қозғалысының" мүшесі Гильермо Лассо жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Бюллетеньдердің 98,05 пайызы өңделгеннен кейін Лассо президенттік сайлаудың екінші кезеңінде 52,48 пайыз дауыс жинағаны белгілі болды.

Ал оның қарсыласы "Үміт үшін одақ" солшыл коалициясының өкілі Андрес Араус сайлаушылардың 47,52 пайыз дауысын жинады. Ол дауыстарды санау нәтижесін күтпестен жеңілгенін мойындады.

"Бұл эквадорлықтардың барлығы болашағын шешкен күн, олар өзінің даусын өзгерістер керегін және жақсы күндерді қалайтынын білдіру үшін пайдаланды", - деді Лассо жақтастарына.

Саясаткер сайлаушыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өзінің барлық сайлау алдындағы уәдесін орындайтынына сендірді.

Гильермо Лассо Эквадор президенттігіне бұрын да үміткер болған. Өткен екі президенттік сайлауда ол екінші орында тұрған. Экс-банкир экономиканы ынталандыру үшін салықты төмендетуді, еркін нарықты және Эквадорды халықаралық ұйымдармен жақындастыруды қалайды, сонымен қатар мемлекеттік қарызды азайту шараларын қолдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети