02 тамыз 2021 17:29

Экс-президент Асқар Ақаев Бішкекке өз еркімен келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Іздеуде жүрген Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке өз еркімен келді, - деп хабарлайды 24.kg.


Іздеуде жүрген Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке өз еркімен келді, - деп хабарлайды 24.kg.

Экс-премьер Феликс Куловтың айтуынша, Асқар Ақаев Бішкекке "Құмтөр" жобасына қатысты қылмыстық іске байланысты айғақ беруге өзі келген. Ол тергеу мамандарымен жұмыс істеуге дайын. 

"Садыр Жапаров жомарттық танытып, бұрынғы президентке келуге мүмкіндік берді. Менің білуімше, Асқар Ақаевты ешкім мәжбүрлеген жоқ, Бішкекке келгеннен кейін ол ҰҚКҰ-ға барды", - деді Кулов.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстаннан қашып кеткен экс-президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілгені хабарланған болатын. 

"Ақаев жоғары лауазымды шенеуніктермен бірге 1992 жылы "Құмтөр" жобасы бойынша бас келісім жасасу кезінде, 1994 жылы оған өзгерістер енгізу кезінде, сондай-ақ 2003 жылы "Камеко" компаниясымен бас келісімді қайта құрылымдау кезінде сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу барысында "Құмтөр" жобасын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар барлық кінәлі тұлғаның ісіне құқықтық баға берілді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети