06 наурыз 2014 09:37

ЕҚЫҰ Украинаға 40 қарусыз әскер жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Украинаға 40 қарусыз әскери қызметкерлерді жіберді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. 21 елдің әскери қызметкерлері 5-12 наурыз аралығында Украинада болады. Сапар Одессадан басталады. Ол ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерге "ерекше әскери қимылдарға" байланысты жағдайды анықтау үшін шешім қабылдау еркін беретін 2011 жылғы сенімділік пен қауіпсіздікті нығайту туралы ІІІ Вена құжаты негізінде жүзеге асады. "Мен бұл әскери сапар Украинадағы жағдайдың оңалуына септігін тигізеді деп үміттенемін. Жағдайға сол жерде шынайы баға бере отырып, ЕҚЫҰ саяси дағдарысты келіссөздер арқылы шешуге ықпал ете алады" деп мәлімдеді ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Ламберто Заньер ЕҚЫҰ бапасөз қызметінен "ерекше әскери қимыл" деген "алдын ала хабарланбай, күтілмеген жерден әскерді не әскери техникаларды алып өту, шекара маңындағы аяқ асты әскери жаттығулар жасау. Мұндай әскери қимылдар алаңдаушылық тудырады" деп мәлімдеді. 22 ақпанда Украинада билік алмасты. Жоғарғы Рада Януковичті биліктен кетіріп, конституцияны өзгертті, перезидент міндетін атқаруды сол кезде бостандыққа шыққан Юлия Тимошенконың жақтасы, спикер Александр Турчиновқа жүктеді. Сондай-ақ президент сайлауын 25 мамырға белгіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети