1. Басты
  2. Біл
  3. Жаһан

Елбасы Нью-Йорктегі "Астана Балет" концертіне барды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Астана Балет Гала" концертіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Линкольн орталығында өткен "Астана Балет" театрының концертіне барды. "Астана Балет" театры "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасы аясындағы "Қазақстан Астана Балет Гала" бағдарламасын ұсынды.

Бағдарламаға "Арулар", "Ақ қыз", "Әсемқоңыр" хореографиялық миниатюралары, "Щелкунчик" балетіндегі адажионың классикалық редакциясы және басқа да қойылымдар енген.